Ауғанстандағы жарылыстан 6 адам мерт болды

Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост өлкесінде бомба жарылып, кемінде 6 қарапайым азамат қаза болды. Сәрсенбі күні Тани ауданындағы жарылыстан құрбан болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар деп хабарланып отыр.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтан, оның ішінде Талибан бүлікшілерінің шабуылдарынан әр жылы 2 мыңға жуық қарапайым азамат опат болады.