Бүгін әлем елдерінің бірқатар қалаларында 1-ші мамыр дүниежүзілік еңбекшілер күніне байланысты онмыңдаған адам шеру өткізді.
Ресейдегі 1 мамыр мерекесіне арналған шеруге 1,7 млн адам қатысқан. Мыңдаған ресейлік коммунист, кәсіподақ ұйымдарының белсенділері, ұлтшылдар мен премьер-министрі Владимир Путинді қолдаушылар көшеге шықты. Сонымен қоса, Мәскеуде жүздеген оппозиция белсенділері үкіметке қарсы наразылық шарасын ұйымдастырып, Путинге қарсы ұрандар айтты.
Стамбулда 100 мыңдай адам Таксим алаңына жиналып, 1 мамыр мерекесін атап өткен. Бұл жерде 1977 жылы шеруге шыққандарға қарсы белгісіз біреулер оқ атып, 36 адамның өмірін қиғаннан бері мерекелік шерулер өтпей келген.