Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігін сынға алды. Ол оны дүйсенбі күні Нью-Йоркте өтетін ядролық қару таратпау келісіміне қол қойған 189 елдің делегаттарымен кездесуге бара жатқан тұста айтты.
Жексенбі күні Теһранда ирандық ақпарат құралдарына айтқанында Ахмадинежад дүйсенбі күні өтетін кездесу маңызды, өйткені ядролық қару таратпау келісімін құрған МАГАТЭ-ге реформа жасау керек деді.
Құрама Штаттар Батыс елдерін бастап, ядролық қару жасап жатыр деген күдікпен Иран елінің ядролық бағдарламасына қатысты қысымды күшейтіп отыр. Теһран өзінің бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтып келеді.