Қазақстанда баспасөзді үздік қорғаушылар анықталды

«Сорос-Қазақстан» қоры бүгін Қазақстандағы медиа-заңгерлер арасында өткізілген байқаудың нәтижелерін жариялады.

«Әділ сөз» халықаралық сөз еркіндігін қорғау қорының заңгері Ганна Красильникова жеңіске жеткен істердің саны бойынша, ал «Голос Республики» газетінің заңгері Сергеу Уткин сөз еркіндігін қорғаудағы табандылығы үшін үздік адвокат атанды.

Мемлекеттік тілде жұмыс істеушілер арасындағы байқауда «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова үздік адвокат атағына ие болды.

Бұл сыйлық 2009 жылы тағайындалған.