Оңтүстік Қазақстанның мыңдаған тұрғыны жарықсыз отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы 300 мыңға жуық тұрғын, электр желісіндегі апатқа байланысты, үш күннен бері жарықсыз күн кешіп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бұл аймақта 30 сәуірдегі дауылдың салдарынан электр желісі істен шыққан.