Иран әскери жаттығуларын бастады

Иран бүгін Парсы шығанағы мен Оман теңізінде сегізкүндік әскери жаттығуларын бастағанын хабарлады. Иран әскери-теңізшілерінің басшысы адмирал Хабиболлаһ Саяридің мәлімдеуінше, "Велаят-89" деп аталатын жаттығулар елдің қорғаныс қабілеттерін көрсетеді.

Осыдан екі аптадай бұрын Иранның төңкерісшіл сақшылары Парсы шығанағында әскери жаттығулар өткізген болатын.