Қ.Бакиевтің ұлына халықаралық іздеу жарияланды

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Максим Бакиев пен мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Темірбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Бүгін Интерполдың ресми Интернет-сайтына осындай нұсқаулар орнатылды.

М.Бакиевке алаяқтық істеді, ал Н.Темірбаевқа – адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс жасадлы деген айыптар тағылған. Ол екеуін тұтқындауға Бішкектің аудандық соты бұйрық шығарды.
Қазір биліктен қуылған қырғыз президентінің жақын маңайында болған 20-ға жуық адам ұсталды.

Бішкектегі халық толқуы кезіндегі 80-нен астам адамның қазасына жауапты деп айыпталған Бакиевтің өзі қазір Беларуссияны паналап отыр. Бүгін Беларуссияның ішкі істер министрлігі әзірше оны ұстап беру туралы сұрау келіп түспегенін мәлімдеді.