Батыс Еуропа мен АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын атап өтіп жатыр

Батыс Еуропа мен АҚШ бүгін Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Көптеген астаналарда ресми мәлімдемелер жасалып, әскери парадтар өтеді.

1945 жылдың 8 мамырында нацистік Германия берілген болатын. Бұрынғы Совет одағы мемлекеттерінің басым бөлігі соғыстағы Германияның сөзсіз тізе бүгуін мамырдың 9-да тойлайды.