Қағазбет қазақтар

«Азат» партиясы белсенділерінің «Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы президент болсын» деген ойды айтқан Ақтөбелік профессор Закратдин Байдосовқа жіберген «сәлемдемелері». Талдықорған, 2009 жыл.



– Конституцияны қайта-қайта өзгерте береміз бе, Басеке. Айналдырған он бес жылдың ішінде төрт рет өзгерттік. Халық нетіп... неғылып ... күліп...

– Конституция деген – қағаз! Қағаз! Қағаз бәріне шыдайды. Қолды да сүртеді... Халық туралы бірдеңе айтуға ерінем. Одан гөрі бізге қағазбен жұмыс істеген жөн...

– Мерзімді жеті жылға ұзартқаныңыз дұрыс болды! «Бірінші адам сайлауға түсе береді» дегеніңіз де тамаша. Бірақ... «қалғандары екі рет қана сайлансын» дегеніміз... кішкене былай... түпкі ойды жасырып...

– Ей, сен өзі шатып-бұтып...

– Жоқ, жоқ, құдай сақтасын. Сіздің беделіңізді ойлап жатқаным ғой. Елден, то есть шетелден ұят болмай ма? Мерзімді ұзартатын ондай референдум өткізіп, нәтижесін жасай беретін едік қой. Менікі – тым құрығанда бір қасиетті нәрсе қалсын дегендей...

– Осы сендер «қасиетті» деген сөзді шын көңілмен айтасыңдар ма? «Бедел», «Ұят» деген сөздерден денем тітіркенеді. Менің командамда бетінде қытығы бар адамға орын жоқ!

– Кешіріңіз, басеке. Құрсыншы бәрі. Менікі тек ертең Сіз «Неге айтпадыңдар кезінде?!» деп қаһарланып жүрмей ме дегенім ғой. Конституцияның қағазға жазылатыны… дегенмен дұрыс...

– Не оттап келе жатырсың..!

– Сізге және Сіздің отбасы мүшелеріне бұйырған, еліміздің жарты байлығынан асатын дүние-мүлікке тірі жан тиіспесін, ешкімнің қақысы жоқ деген түзетуді жаза салайық деп жатыр едік. Бұл жерде қағаздан сенімді бірдеңе керек...

– Табыңдар!!! Айтпақшы, әлгі мәңгілік қартайтпайтын дәрі қайда? Қағазды қойшы – өзім өлмесем, дүние-мүлкім жоғалмақ түгілі асып-төгіле берер...

kondihul@yandex.kz