"Распадская" шахтасында іздестіру жұмыстары тоқтатылды

"Распадская" шахтасындағы өрттің кесірінен, газ мөлшерінің артуынан іздестіру жұмыстары тоқтатылды.

"Шахта ішіндегі жағдай жекелеген аумақтарға газдың көп жиналғанынан қиындап тұр. Осыған байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылды", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери сарапшысы Павел Плат.

"Распадская" шахтасында қаза болған тағы алты кеншінің мәйіті табылды. Осымен шахта жарылысынан қаза болғандардың саны 66-ға жетті. Ал 24 кеншінің тағдыры әлі белгісіз.

Междуреченск қаласындағы шахта 9 мамырда жарылған еді.