АҚШ пен Қытайдың тіл табысар түрі бар

Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық қауымдастықпен кеңесуден бас тартқаны үшін оған қарсы халықаралық санкциялардың жаңа жиынтығын талқылау барысында Вашингтон мен Бейжің айтарлықтай ілгері басты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметіне қарағанда, санкциялар мәселесін және Солтүстік Кореяның төңірегіндегі ахуалды жуырда мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон мен Қытайдың мемлекеттік кеңесшісі Дай Бингуо телефон арқылы талқылады.

Олар Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германия арасындағы кеңесулер барысында әрі қарай талқылауға келісті.

Батыс елдері Ираннан астыртын ядролық қару шығаруды көздейді деп күдіктеніп, оған қарсы санкцияларды қатаңдатуға тырысады. Теһран ондай күдікті теріске шығарумен келеді.