Ош уақытша үкіметтің бақылауына өтті

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жақтастары бір күн бұрын басып алған Ош облыстық әкімшілігінің ғимаратын босатты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, уақытша үкіметте қорғаныс министрі қызметін атқарушы Исмаил Исаков олармен келіссөздер жүргізген. Билік өкілі Бакиевтің жақтастарын ғимаратты тастап шығуға көндірді. Қазір облыста уақытша үкімет атынан тағайындалған бастық жұмысына қайта кірісті.