Бангкоктағы шеруде бір адам оққа ұшты

Таиланд күштері Бангкоктағы наразылық танытушыларға қарсы оқ, көзден жас ағызатын газ атты. Бір адам қаза тауып, 12 кісі жараланды деп хабарланып отыр.

Наурыздың 12-сінде Таиланд астанасында басталған үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында 30-ға жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Шерушілердің айтуынша, премьер-министр Абхисит Ветчатчиваның коалициялық үкіметі билікке заңсыз келген. Наразылық танытушылар парламенттің таратылуын талап етіп, жаңа сайлау өткізуге шақырып отыр.