Ливиядағы ұшақ апатынан аман қалған бала үйіне қайтады

Ливия астанасындағы ұшақ апатынан аман қалған 9 жастағы голландиялық бала бүгін үйіне қайтады. Осыдан 3 күн бұрын Оңтүстік Африкадан Ливияға аттанған ұшақ Триполи әуежайында құлап, 100-ден астам адам, олардың ішінде әлгі аман қалған баланың ата-анасы мен бауыры қаза тапқан болатын.

Голландия сырқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кристоф Промерсбергердің хабарлауынша, ұшақ апатынан аман қалған Рубен ван Ассоу есімді баланы үйіне туыстары мен дәрігері алып барады.