Иранда сотталған француз азаматы үйіне қайтты

Иранда тыңшылықта айыпталған француз мұғалімі Клотилде Рейс азат етіліп, бүгін Францияға оралады.

24 жастағы Рейс 12-маусымда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң Иран үкіметін тұрақсыздандыруға бағытталған әрекетке қатысты деп айыпталған болатын. Адвокат Мохаммад Әли Махдави Сабеттің айтуынша, сот 285 мың доллар айыппұл төленген соң Рейске Ираннан шығуына рұқсат берген.

Франция президентінің кеңсесінің хабарлауынша, Рейс Дубайда ұшаққа отырып, Парижге аттанған.

Рейстің ісі Франция мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне түрткі болған еді.