Ауғанстанда танымал діни тұлға оққа ұшты

Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға шақырған мұсылмандардың танымал діни тұлғасына қастандық жасалды. Кунар өлкесіндегі полицияның хабарлауынша, Рахман Гул мен оның екі туысы жексенбі күні Чапа Дара ауданында оққа ұшқан.

Гул "Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуы өте маңызды" дейтін.