Өзбекстан Ошқа газ беруін шектеді

Өзбекстан Қырғызстанның оңтүстік аймақтарына жіберілетін табиғи газдың көлемін азайтты. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған “Ошгаз" жетекшісі Маматкалык Аматовтың сөзінше, Өзбекстан бұған дейін сағатына 2,5 мың кубометр газ беріп келсе, қазір "көгілдір отынның" 800 кубометрі ғана жіберіліп отыр.

Қазір газ тек Туран және Әмір Темір шағын аудандарына ғана жіберілуде. Аматовтың айтуынша, "көгілдір отын" үшін Қырғызстанның Өзбекстанға қарызы - 1,6 миллион доллар.