Ауғанстан астанасында бір жанкешті кемінде 3 адамды өлтірді. Сейсенбі күнгі жанкештілік шабуыл НАТО көлігіне бағытталған делінеді. Ресми мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың үшеуі де - қарапайым ауған азаматтары. Кабулдың батысындағы үкімет ғимараттарына жақын жерде болған шабуылдан 20-дан астам адам жарақат алды.
Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.
Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.