Баграм әуебазасында атыс болып жатыр

Кабулдың маңында орналасқан Баграм әуебазасында НАТО әскері мен тәлібтер арасында атыс болып жатыр.

1980 жылдары Ауғанстандағы ең маңызды советтік базасы болып табылады - Баграм, қазір де өз маңыздылығын жойған жоқ.

Сейсенбі күні жанкешті, жарылғыш затқа толы жеңіл көлікті әскери машиналардың колоннасы жанында жарып жіберген еді. Алты әскери және 12 бейбіт тұрғын қаза болды.