Зарина Дияс Roland Garros турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс бүгін Францияның ашық біріншілігінің іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. 16 жасар Дияс франциялық Эстель Гюзардты үш сетте - 2:6, 7:6, 8:6 есебімен ұтты. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.

Зарина Дияс іріктеу турниріндегі келесі кездесуін эстониялық Кайя Канепимен өткізеді.