Отунбаева Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі президенті болып тағайындалды

Қырғызстанның уақытша үкіметі республиканың өтпелі кезеңдегі президенті етіп Роза Отунбаеваны тағайындау туралы декрет қабылдады.

Декретке сәйкес, өтпелі кезеңнің президенттік мерзімі 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

"Өтпелі кезеңнің президенті 2012 жылы өтетін Қырғызстан президенттігіне сайлауға қатыса алмайды. Ешқандай партияға мүшелікте болмай, әр істе бейтарап болуы тиіс"- делінген Қырғызстан уақытша үкіметі төрағасының қолы қойылған құжатта.