Ирақтағы тағы бір жарылыстан алты адам қаза болды

Ирақтың Бабыл провинциясында жарылғыш затқа толы автокөліктің жарылысынан кем дегенде алты адам қаза болып, оншақты тұрғын жараланды.


Провинция әкімшілігінің өкілі майор Мутан Халидтың хабарлауынша, бомба Бағдадтың оңтүстігінде 60 шақырымда орналасқан Эль-Мусайиб қаласындағы дәмхананың жанында жарылған.