Британияның жаңа сыртқы істер министрі Уиллиям Хаг пен тағы басқа екі ағылшын министрі Ауғанстан жетекшілерімен кездесті.
Хаг пен қорғаныс министрі Лайам Фокс және халықыралық мәселелер бойынша министр Эндрю Митчелл президент Хамид Карзаймен және басқа да ауған ресми өкілдерімен келіссөз өткізді. Аталмыш министрлердің мәлімдеуінше, Британияның Ауғанстандағы саясаты айтарлықтай өзгермейді. Бірақ Фокс "Таймс" басылымына берген сұхбатында ағылшын сарбаздарын тезірек Ауғанстаннан шығаруды қалайтынын хабарлады.
Британияның Ауғанстанда 9 мыңнан астам сарбазы бар.