Иран мен Грузия виза шектеулерін алып тастауға келісті

Иран мен Грузия екі ел арасындағы виза шектеулерін алып тастауға келісті. Associated
Press агенттігінің хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рамин Мехманпараст екі ел арасындағы визасыз тәртіп қыркүйек айында басталады деген.

Сонымен қатар Иран екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін Грузияда консулдық ашуды және үкіметаралық комиссия құруды жоспарлап отыр деді Мехманпараст.