АҚШ Польшада зымырандарын орналастырды

Поляк күштерімен жаттығу өткізу үшін ондаған АҚШ сарбазы мен зымырандар дивизионы Польшаға жеткізілді. Варшавадағы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Эндрю Полдың айтуынша, "Пэтриот" зымыран жүйесі НАТО-ға мүше Польшаның Мораг базасына жексенбі күні жеткізілген.

Мораг Ресейдің Калининград анклавынан 60 шақырым жерде орналасқан. Мәскеу өз территориясына жақын жерде американдық зымырандардың болуына наразылық танытты.