Итальян үкіметі бюджет шығындарын қысқартады

Италия үкіметі инвесторлардың сенімін нығайту және Грекияның тағдырына душар болмас үшін бюджет шығындарын 24 миллиард еуро немесе 29 миллиард долларға қысқарту жоспарын мақұлдады.

Сейсенбі күні қас қарайғанда мақұлданған бұл шара жалпы ішкі өнім көлеміне шаққандағы бюджет тапшылығын 2009 жылғы 5,3 пайыздан 2012 жылға қарай 3 пайыздан да төменге қысқартуды көздейді.

Бұл шаралардың ішінде бюджет саласының айлық жалақысын қысқарту немесе қазіргі мөлшерінде қалдыру және салық төлемей жалтарғандарды қатаң жазалау қарастырылған.
Осыған дейін бюджет шығындарын қысқартқанын Грекия мен Испания және Португалия мәлімдеген болатын. Олар қарызға батқан Грекиядай болмай, өз берешектерін өтей алатынына инвесторлардың көзін жеткізбекші.

Еуропаның орталық валютасы – еуро аумағындағы осы қаржы проблемасы еуроның соңғы 4 жыл ішіндегі қатты құнсыздануына соқтырды.