Ямайкада қаза болғандар 60-қа жетті

Ямайканың қауіпсіздік күштері мен есірткі бароны Кристофер Коуктің сыбайластары арасындағы қарулы қақтығыстың құрбандары, соңғы ақпар бойынша, 60-қа дейін өсті.

Осыған дейін 30 адамның қазасы туралы айтылған болатын. Көпшілігі бейбіт тұрғындар. Армия мен полиция қатарында да адам шығыны бар.

Ямайка астанасы – Кингстонның бірқатар ауданында төтенше жағдай тәртібі орнатылды.

Ямайка үкіметі – АҚШ үкіметі әлемдегі ең қауіпті есірткі саудагері деп есептейтін Кристофер Коукты қолға түсіру үшін үшінші тәулік жалғасқан арнайы операциясын жүргізіп жатыр.

Бірақ 42 жастағы Коуктың қайда бас сауғалап жүргені белгісіз.