Түркияда жол апатынан зардап шеккендер Ресейге жеткізілді

Мәскеудің "Домодедово" әуежайына, Түркияда жол апатынан зардап шеккен туристерді алып келген төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы қонды.

Бұл рейспен Мәскеуге 21 адам жеткізілген. Олар Ресей астанасының бірнеше ауруханасына жатқызылады.

Сейсенбі күні Түркияда туристер мінген автобус көпірден құлап 15 адам қаза болды, олардың 13-і Рейсей азаматтары.