АҚШ әскери шараларға 60 млрд. доллар бөлуге дайын

АҚШ сенаты Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялардың жалғасуына қосымша 60 миллиард доллар бөлуді көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Бұл соманың басым көпшілігі 30 мың әскерді Ауғанстанға жіберуге жұмсалады.

Заң жобасын енді өкілдер палатасы мақұлдауы керек.