Баку өз жерінің тұтастығын таяуда қалпына келтірмекші

Жұма күні Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев Таулы Қарабақ төңірегіндегі жанжалды күшпен шешуге қарсы сөз сөйледі.

Сонымен бірге Республика күніне арналған салтанатта И.Әлиев Әзірбайжан территориясының біртұтастығы қалпына келуге тиіс деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, таяу арада Баку өз жерін басқыншылардан босатып, Әзірбайжан жерінің тұтастығын қалпына келтіреді.

Қарабақ жерінің басым бөлігін іс жүзінде бейресми Таулы Қарабақ Республикасы қадағалайды, Әзірбайжанның заңы бойынша оның жері болып табылады.

1988 жылы Таулы Қарабақ Арменияның құрамына өтті – осы жылдың 14 маусымында Арменияның Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабақ автономиялы облысын Армян советттік социалистік репсубликасының құрамына кіруіне келісімін берді.