Ауғанстанның шығысындағы Пактика өлкесінде бүлікшілер полиция көлігіне шабуылдап, 5 полиция қызметкерін өлтірді. Қауіпсіздік күштерінің көлігі Данди Патхан ауданына бара жатқан болатын. Аймақтағы полиция басшысының орынбасары Гулам Дастагирдің айтуынша, жұма күнгі шабуылдан кейін екі бүлікшінің көзі жойылған.