Колумбияда президенттік сайлау өтті

Колумбияда өткен президенттік сайлаудың алдын ала қортындысы бойынша, елдің бұрынғы қорғаныс министрі Хуан Мануэль Сантос алда келеді.

Сайлаушылардың дауыстары екі үміткер - бұрынғы қорғаныс министрі Хуан Мануэль Сантос пен Жасылдар партиясынан Антанас Мокус арасында теңдей бөлінуі де мүмкін.

Екі кандидат та елдегі қауіпсіздікті күшейтіп, есірткі саудасымен күресуге уәде беріп отыр.