Филиппинде автобус жарға құлап 15 адам қаза болды

Филиппин солтүстігіндегі таулы аймақта жолаушы тасымалдайтын автобус жарға құлап, кем дегенде 15 адам қаза тауып, 15 жолаушы жарақат алды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, толассыз жауған нөсер жауынның кесірінен жолдың осы учаскесі шайылып кеткен.

Автобус 75 метрлік биіктіктен құлаған.