Талибан: Кабулдағы шабуылды біз жасадық

Кабулдағы қауіпсіздік күштері сәрсенбі күні бүлікшілермен қақтығысып қалды. Ел астанасында ауған президенті Хамид Карзай, ақсақалдар кеңесі - жирганың жұмысын ашу барысында сөз сөйлеп жатқан кезде бірнеше жарылыс болды.

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, жарылыстар кеңес өтіп жатқан Интерконтиненталь қонақүйінен 500 метрдей жерде болған. Ауған полициясының хабарлауынша, сәрсенбі күнгі қақтығыста екі бүлікші өлтіріліп, үшіншісі қамауға алынған. 1600 адам қатысып отырған үшкүндік жиында Талибанды бейбіт келіссөзге шақыру мәселесі талқыланып жатыр.

Кабулдағы шабуылдарға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алды.