Қытайда су тасқынынан 30-дан аса адам қаза болды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық округінде болған су тасқынынан кем дегенде 30 адам қаза болды.

Дүйсенбі күні басталған нөсер жауыннан кейін, жеті қаланың 80 мыңдай тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Жергілікті билік 14 адамның жоғалып кеткендігін хабарлап отыр.