Варшава метросын су басып қалу қауіпі туды

Польша астанасы Варшавадағы метро толассыз жауынның салдарынан су астында қалуы мүмкін деп хабарлады Би-Би-Си.

Қалалық канализация көптеп жиналған жауынды судың барлығын айдап шығара алмай жатыр. Қалада көптеген көшелерді, жер асты өткелдері мен бірқатар метро станцияларын су басып қалды.

Варшаваның бір бөлігі электр қуатынан ажырады.