Жапония үкіметі қызметінен кетті

Премьер-министр Юкио Хатоямо бастаған Жапония үкіметі толық құраммен қызметінен кетті. Бұл туралы жұма күні кабинет отырысында мәлім болды.

Премьер әрі Демократиялық партияның жетекшісі Хатоямо қызметінен кететіндігі жайлы сәрсенбі күні хабарлаған еді. Ол бұл қадамға Окинава аралындағы АҚШ әскери базасын жабамын деген уәдесін орындай алмағаны үшін барып отыр.

Жапонияның жаңа премьер-министрі болып бұрынғы қаржы министрі Наото Кан тағайындалды.