Наото Кан – Жапонияның жаңа премьері

Жапонияда парламент билік басындағы Демократиялық партияның жаңа көсемі Наото Канды үкімет төрағасы етіп сайлады.

Алдыңғы үкіметтің төрағасы Юкио Хатояма – сайлаушылардың арасындағы абыройының күрт түсуіне байланысты үкімет басынан өз ықтиярымен кетті.

Юкио Хатояма Окинава аралынан АҚШ-тың соғыс базасын шығаруға уәде берген болатын. Бірақ уәдесін орындай алмады.

Ол премьер-министр лауазымында бар - жоғы 8 ай отырды.