Иран президенті Стамбулға барады

Иран президенті Махмұд Ахмадинежад алдағы аптада Стамбулда өтетін Азия елдері басшылары саммитіне қатысады. Азиядағы ынтымақтастық пен сенімді арттыру жөніндегі басқосу аймақтық қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған.

Түркия сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сейсенбі күнгі жиынға Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев пен Ауғанстан президенті Хамид Карзай және Палестина басшысы Махмұд Аббас пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин қатысады.

Стамбул саммитін Түркия президенті Абдулла Гүл ұйымдастырып отыр.