Обама Жапонияның жаңа премьерімен сөйлесті

АҚШ президенті Барак Обама мен Жапония премьер-министрі Наото Кан телефон арқылы сөйлесті. Жапония ақпарат құралдарының хабарлауынша, 15 минутқа жалғасқан әңгіме барысында Обама жұма күні елдің жаңа премьері болып сайланған Канды құттықтаған. Обаманың мәлімдеуінше, екі ел тепе-тең серіктестік негізіндегі ынтымақтастықты нығайтуы тиіс. Өз кезегінде Кан осы айда Канадада өтетін "Үлкен сегіздік" пен "Үлкен жиырмалық" топтарының саммиті барысында Обамамен кездесуді асыға күтетінін айтқан.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Юкио Хатояма АҚШ базасына қатысты дауға орай қызметінен бас тартқан болатын.

Обама мен Кан жапон жеріндегі АҚШ базасының басқа жерге көшірілуі жөніндегі Хатояма үкіметі қол жеткізген келісімді ұстануға келісті.