Израиль Газаға көмектеспекші болған белсенділерді елден шығара бастады

Израиль палестиналықтарды қолдайтын 19 белсенді мен экипаж мүшелерін депортациялай бастады. Блокададағы Газа секторына гуманитарлық көмек алып бара жатқан белсенділердің кемесін Израиль теңізшілері қоршап алып, Ашдод портына жеткізген болатын. Сөйтіп ирландиялық Rachel Corrie кемесі сенбі күні Газаға бара алмады.

Дүйсенбі күні Газаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған флотилияда жасалған рейд барысында дені Түркия азаматтары болып келетін 9 адам қаза болған еді. Бұл оқиғаға байланысты халықаралық қауымдастық Израильді айыптады.