Огайо штатындағы торнадо жеті адамның өмірін қиды

Американың Огайо штатындағы торнадодан кем дегенде жеті адам қаза болды.

Жергілікті полиция мәліметі бойынша, 50-ден аса баспана қиратылған. Одан өзге Огайоның бірқатар аймақтарында электр желісі істен шыққан.