Иран Газаға гуманитарлық көмек жібермек

Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымы осы апта ішінде Газаға гуманитарлық көмек тиелген екі кеме жіберуді көздеп отыр.

Таратылған ақпаратта, осы жүкті алып баруға көмектесемін деуші белсенділер шақырылатындығы айтылған.

Бұдан бұрын Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнер, Еуро Одақ Газаға жіберіліп жатқан жүктерді тексерумен айналысса игі еді деп атап өткен еді.