Белгілі күйші, профессор Қаршыға Ахмедияров дүниеден озды. Бұл туралы Азатыққа Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы халық музыкасы факультетінің деканы Карима Сахарбаева хабарлады.
- Ол кісі 1999 жылдан бері ауырды ғой. Қытайға барып бүйрегін ауыстырып келген еді. Осыдан үш жыл бұрын инсульт алған. Соңғы кездері ауырмай жүрген еді. Жұмыста жүрген, Атырауға кеткен еді. Ауаны, климатты көтере алмаған болуы мүмкін, жүректен кетті деп жатыр. Әлі өзіміз де анық-қанығын білмейміз, - деді Карима Сахарбаева.
Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу рәсімі ертең, маусымның 8-і күні М.Әуезов атындағы драмалық театрда сағат 10.00-да өтеді деп хабарланды.