Стамбулдағы жарылыстан 15 адам жараланды

Бүгін Стамбулдағы бомба жарылысынан кемінде 15 адам жарақат алды. Олардың көбі полицейлер деп хабарланып отыр. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алмады.

Бұл уақытта Түркия астанасында Азия елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр.