Сомали үкіметінің үш министрі қызметінен кетті

Сомали үкіметінің үш министрі қызметінен кетті. Қорғаныс министрлігі басшысының сөзінше, билікте болған жылдарда елде тәртіп орната алмағаны министрлердің осындай қадамға баруына себеп болған.

Сомалиде 1991 жылдан бері нәтижелі орталықтандырылған үкімет жоқ. Елдің басым аймағы радикалды исламистердің бақылауында. Уақытша үкімет Сомалидің тек үштен біріне ғана билік етіп отыр.