Голландияда өткен сайлаудың алдын ала қортындысы жарияланды

Голландияда өткен парламент сайлауында Демократия мен бостандық үшін халықтық партиясы жеңіске жетті. Дегенмен партия кабинетті жасақтауға жетерлік дауыс жинай алмады.

Бюллетендердің 90%-ы саналғаннан кейін Демократия мен бостандық үшін халықтық партиясы парламентте 31 орын жинағандығы анықталды. Бұл – лейбористерден бір ғана орынға көп.

Енді партиялар коалиция құру туралы өзара келіссөздер жүргізуі тиіс.