Түркияның мақсаты ЕО-ға қабылдану болып қалды

Түркия премьер-министрі Режеп Эрдоган өз елі Батыстан алыстап барады деген мәлімдемені «насихат» деп бағалады.

Өткен бейсенбі күні Стамбулдағы түрік - араб форумында сөйлеген сөзінде Эрдоган атап көрсеткендей, Түркияның стратегиялық мақсаты әлі де болса ЕуроОдаққа қабылдану, бірақ Еуропаның бірқатар саясаткерлері оған бөгет болу үшін бәрін істеп отыр.

Жуықта АҚШ қорғаныс министрі Робертс Гейтс: "ЕуроОдақ Түркияны өз қатарына қабылдамағаннан кейін ресми Анкараның сыртқы саясатындағы Батысты Шығыс ығыстыра бастады", - деп мәлімдеген болатын.