Үндістанның солтүстігінде Ганга өзенінде ондаған жолаушысы бар кеме төңкерілді.
Сейсенбі күні полиция хабарлағандай, қаза болғандардың саны 50-ден асты. Хабарға қарағанда, 25 жолаушы өзен жағасына малтып жеткен.
Қайғылы оқиға Утар-Прадеш штатының әкімшілік астанасы – Лакхнау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 400 шақырым қашықтықта болды.