ОАР: Солтүстік Корея футболшылары ешқайда қашпаған

Халықаралық футбол федерациясы - ФИФА Оңтүстік Африкадағы әлем біріншілігінде Солтүстік Кореяның 4 аяқдоп шебері жоғалды деген хабарды теріске шығарды.


Жұма күні Корея халық-демократиялық республикасы командасының 4 ойыншысы Бразилия құрамасымен арадағы кездесуге келмегені мәлім болып, баспасөзде "футболшылардың қашып кетуі мүмкін" деген хабар шыға бастады.


Халықаралық футбол федерациясы өкілінің сөзіне қарағанда, Корея құрамасынан осы мәселе бойынша ешкім шағым жасаған жоқ. Солтүстік Кореяның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшігі де "спортшылар қашып кетті" деген хабарды теріске шығарды.